Жарияланды: 140

Өзбекстанмен бірінші айқас. ӘЧ-дегі қазақстандық боксшылардың жекпе-жектеріне трансляция

Өзбекстанмен бірінші айқас. ӘЧ-дегі қазақстандық боксшылардың жекпе-жектеріне трансляция

 

Бүгін, 17 наурыз Нью-Делиде әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатының екінші жарыс күні басталады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы  Vesti.kz-ке сілтеме жасап. 

Қазақастан құрамасынан бүгін рингке екі боксшы шығады, екеуі де Астана уақытымен 18:30-да басталатын кешкі сессияда айқасады.

Алдымен 60 келіде өнер көрсететін Римма Волосенко өзбекстандық Ситора Турдибековамен А рингінде қолғап түйістіреді.

Одан кейін соңғы жұпта, В рингінде 81 келідегі Фариза Шолтай Тринидад және Тобаго елінің өкілі Лиэнн Будрэммен бетпе-бет келеді. Жекпе-жектердің трансляциясы Qazsport арнасының сайтында қолжетімді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін