Шабуылдаушы хавбек Сервер Жепаров Өзбекстанның он дүркін чемпионы («Пахтакор» құрамында 6 рет, «Бунедкор» – 2, ташкенттік «Локомотивта» 1 рет), Оңтүстік Кореяның («Сеул») және Сауд Арабияның («Әл-Шабаб») чемпионы болған.
Сервер Жепаров Өзбекстанда екі рет (2008, 2010) жыл футболшысы атанған. Сонымен бірге 2008, 2011 жылдары Азиядағы жыл футболшысы болды. Ол футболдағы жолында Біріккен Араб Әмірлігі, Сауд Арабия және Оңтүстік Корея клубтарында ойнап үлгерді.
Өзбек футболшысы 126 жарысқа қатысып, 24 рет гол соққан.