Өзбектермен тектірес! Қазақ боксшыларының финалдағы айқастарын қайдан көруге болады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзбектермен тектірес! Қазақ боксшыларының финалдағы айқастарын қайдан көруге болады

Өзбектермен тектірес! Қазақ боксшыларының финалдағы айқастарын қайдан көруге болады

Трансляция Астана уақытымен 13:00-де басталады.

  • 26 Қаңтар 2023
  • 107
Фото - Caravan.kz

Бүгін, 26 қаңтарда Бангкокта өтіп жатқан Азия чемпионатының ерлер арасында финалдық айқастары өтеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Vesti.kz-ке сілтеме жасап. 

22 жасқа дейінгілер арасындағы құрлықтық турнир алтыны үшін алты қазақ боксшы айқасады. Бірінші жұпта Санжар Тәшкенбай өзбекстандық Шодиержон Меликузиевпен 48 келідегі алтынды сарапқа салады. Одан кейін 54 келіде Нұрсұлтан Алтынбек филиппиндік Флинт Джаромен айқасады (3-жұп).

Төртінші жұпта Махмұт Сабырхан (57) өнер көрсетеді, қарсылас таиландтық Саравут Суктхет. Жетінші жұптан қайтадан Қазақстан — Өзбекстан текетіресі басталады — Абзал Серік 67 келіде Бехзод Хамидовпен жұдырықтасады.

Одан кейін Сабыржан Аққалықов (71) Нурислом Исмоиловпен кім мықтыны анықтайды. Бұл сегізінші жұп. Ал Қазақстан құрамасынан рингке соңғы шығатын (9-жұп) Диас Молжігітов (75) Алохон Абдуллаевпен жекпе-жек өткізеді. Кейінгі екі боксшымыздың да қарсыластары өзбектер.


Соңғы жаңалықтар