Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Оның айтуынша, 46 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен отандасымыз Арман Мырсабит финалдық кездесуде өзбекстандық қарсыласы Абдугани Еркинжоновтан басым түскенімен жеңімпаз атана алмаған.
“Арманның жеңісі ұрланды!
Бахрейннің Манама қаласында жасөспірімдер арасындағы Азия Ойындары жалғасып жатыр. 46 келі салмақтағы қазақстандық Арман Мырсабит финалда өзбекстандық Абдугани Еркинжоновпен кездесті. Қазақ баласы айқын басымдық танытты. Бұған қоса, қарсыласқа төреші көп ескерту жасады. Десе де, кездесуден кейін өзбекстандық боксшының қолын көтерді. Арман – күміс жүлдегер!
Шағым емес, төбелес шығару керек! Үлкендерді қойып, енді балалардың жеңісін ұрлауға көшкен бе! Айуандар! Таблоны өшіріп тастады. Өзбектің лас әркеттеріне көз жұмды. Ұпайды өтірік есептеді. Қазақ баласының тауы шағылып, сағы сынып қалды ғой! Қарап отыра береміз бе?! Қашанғы көне береміз?! Қашанғы жұта береміз?!”, — деп жазды ол.


Желі қолданушылары мен бокс жанкүйерлерінің басым бөлігі журналистің пікірін бірауыздан қолдауда.
“Біздің жігіт таза жеңді. Неге төрешілер өзбектерден қорқады”, “Неге бапкерлер айқай шығарып, рингтен кетпей тұрып алмайды”, “Өзбек шаршап қалды, қалай алтын берді”, — деп жазды олар.

