”Өзім алтын күткен бала басқа еді”: Грек-рим күресінен бас бапкер тарихи алтынға қатысты күтпеген мәлімдеме жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
5 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Өзім алтын күткен бала басқа еді”: Грек-рим күресінен бас бапкер тарихи алтынға қатысты күтпеген мәлімдеме жасады

”Өзім алтын күткен бала басқа еді”: Грек-рим күресінен бас бапкер тарихи алтынға қатысты күтпеген мәлімдеме жасады

Грек-рим күресінен ұлттық құраманың бас бапкері Қонысбек Төкенов 2025 жылғы әлем чемпионатына қатысты күтпеген мәлімдеме жасады.

  • 25 Қараша
  • 127
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Жаттықтырушы “Pluste bol” YouTube арнасына берген сұхбатында әлем біріншілігіне 80 келі салмақ дәрежесіндегі шәкірті бармай қалғанын айтты.

”Әлем чемпионатына кетерде міндеттемелер жоспарында бір-ақ алтын аламыз деп көрсеттік. Мен өзім күткен бала басқа еді. Ол бала жарысқа қатыспады. 80 келі салмақ дәрежесінде сақадай сай басқа баланы жоспарлаған едім. Өзімнің ойым, ол қатысса әлем чемпионы болатын еді. Атын айтпай-ақ қояйын. Келесі жылы сол спортшы алтынды әкеп береді деп ойлаймын. 2026 жылғы әлем чемпионатын күтейік”, — дейді ол.

Сондай-ақ, бас бапкер ұлттық құрамада бәсекенің болуы да маңызды екенін тілге тиек етті.

”Қазір жас буындар келе жатыр. Елімізде өте жоғары бәсеке болса, Айдостың артынан мықтылар өсіп тұрса, ол да екі есе жұмыс істейді. Қазір Айтбеков Айбек, Құрбаев, Ізімғали Саматбек өсіп келе жатыр. Айдостың аяғын шалып қалса, екінші бала қасында тұру керек. Ол нәрсе Айдосқа да мотивация болады”, — дейді Қонысбек Төкенов.

Еске сала кетейік, Айдос Сұлтанғали қыркүйек айында Хорватияның Загреб қаласында өткен әлем чемпионатының финалында өзбек балуаны Алишер Ганиевті айқын басымдықпен жеңіп, 1999 жылдан бері алғаш рет Қазақстан қоржынына тарихи алтынды салды.

Соңғы рет қазақстандық балуандар 1999 жылы чемпион атанған еді. Ол кезде Мхитар Манукян (63 келі) жеңіске жетсе, 1998 жылы Бақтияр Байсейітов әлем чемпионы болған.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера