Пара Азия ойындары: Қазақстан қоржынына алғашқы «күміс» түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Пара Азия ойындары: Қазақстан қоржынына алғашқы «күміс» түсті

Пара Азия ойындары: Қазақстан қоржынына алғашқы «күміс» түсті

 

  • 8 Қазан 2018
  • 32
Фото - Caravan.kz

Жакартада өтіп жатқан ІІІ Пара Азия ойындарында қазақстандық пауэрлифтинг шебері Давид Дегтярёв ел қоржынына күміс медаль салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің параатлеттердің қоржынында тағы бір медаль бар. Пауэрлифтингтен 54 келіге дейінгі санатта Давид Дегтярёв Пара Азия ойындарының күміс медалін жеңіп алды. Құттықтаймыз», — деп жазды Фейсбук парақшасында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитетінің баспасөз хатшысы Раухан Тоғымбаева. Еске сала кетсек, 7 қазан күні Жакартада өтіп жатқан ІІІ Пара Азия ойындарында еліміздің қоржынына алғашқы 2 қола медаль түскен болатын. Атап айтқанда, «қоланы» әйелдер арасындағы пара пауэрлифтинг бойынша 66 келі салмақта Алина Солодухина олжалады. Арасын суытпай екінші қола медальді 100 метрге паражүзуден Дмитрий Ли қанжығасына байлады.



 

Соңғы жаңалықтар