Павлодар пединститутының командасы еркін күрестен ҮІ жазғы универсиаданың қола жүлдегері
Мамыр айының соңында Шымкентте өткізілген еркін күрестен ҮІ жазғы универсиадада ПМПИ құрама командасы үшінші орынды иеленді, |
деп хабарлады ЖОО баспасөз қызметі.
Жазғы универсиадаға республиканың 17 жоғары оқу орны қатысты.
Павлодарлық спортшылар жеке біріншілікте табысты өнер көрсетті. Халықаралық санаттағы спорт шебері Саятбек Оқасов алтын медаль, Ержан Смақанов пен Арман Жұмаділов - күміс, Еркебұлан Қарсақпаев, Дәурен Балтағұлов пен Мамед Ибрагимов қола жүлдегер атанды.
Еркін күрестен елдің педагогикалық жоғары оқу орындары арасында павлодарлықтар - бірінші орында.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін