Павлодарда еркін күрестен Қазақстан чемпионы Жұматай Кенжеғалиевті еске алуға арналған турнир өтті

Додаға Қазақстан, Қырғызстан мен Ресейдің өңірлерінен 250 спортшы қатысты.

Павлодарлықтар Нұрбек Қаражанов пен Әділ Рахымов, астаналық Есқали Дәулетқазы, қарағандылық Серік Бақытханов және қырғызстандықтар Бекжан Әбдіқадыров пен Айбек Нұрбеков өздерінің салмақ дәрежелерінде жеңімпаз атанды.

Аталмыш турнирді туризм және спорт басқармасы, ПМПИ балалар спорты және дене шынықтыру, спорт бөлімінің дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты ұйымдастырды.