Жарияланды: 520

Павлодарда «Ертіс жағалауы-2011» дәстүрлі веложарысы басталды

Павлодарда велоспорттан Қазақстан Республикасының чемпионаты - «Ертіс жағалауы-2011» дәстүрлі веложарысы басталды.

Ертіс жағалауындағы қалаға Алматы, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарынан және Астанадан спортшылар келді. Командалық және жеке біріншілік үшін 58 велошабандоз күш сынасады. Олар Павлодар-Екібастұз-Майқайың-Баянауыл тас жолы бойынша 900 шақырымнан артық қашықтықты жүріп өтіп, облыс орталығына қайта оралады. Жарыс 17 шілде күні мәреге жетеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін