Ертіс жағалауындағы қалаға Алматы, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарынан және Астанадан спортшылар келді.
Командалық және жеке біріншілік үшін 58 велошабандоз күш сынасады. Олар Павлодар-Екібастұз-Майқайың-Баянауыл тас жолы бойынша 900 шақырымнан артық қашықтықты жүріп өтіп, облыс орталығына қайта оралады. Жарыс 17 шілде күні мәреге жетеді.