Павлодарда ғалым Тасболат Шаяхметовты еске алуға арналған бокс турнирі өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда ғалым Тасболат Шаяхметовты еске алуға арналған бокс турнирі өтті

Павлодарда ғалым Тасболат Шаяхметовты еске алуға арналған бокс турнирі өтті

Павлодарда мемлекеттік педагогикалық институтты 20 жылдай басқарған танымал ғалым Тасболат Шаяхметовты еске алуға арналған босктан ІІІ ашық халықаралық турнир өтті.

  • 21 Маусым 2011
  • 488
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы оқу орнының баспасөз қызметінен хабарлады.

Турнирге 14 салмақ санаты бойынша Қазақстан мен Ресейдің 12 құрамасы, барлығы 85 спортшы қатысты. Турнирдің бас жүлдесі боксшылары жалпыкомандалық есепте бірінші орын алған Қарағанды мемлекеттік университетіне бұйырса, күміс жүлдені Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының командасы иеленді.

Жеке біріншілікте өз салмақ санаттарында павлодарлық Вячеслав Исаев пен Николаев Гурьянов бірінші орын алды.

Барлық жүлдегерлерге медальдар, сыйлықтар және «Үздік техника үшін», «Жеңіске деген еркі үшін», «Үздік боксшы» деген аталымдар бойынша мақтау қағаздары табыс етілді.

Соңғы жаңалықтар