Жарияланды: 500

Павлодарда Қазақстан бойынша ең бірінші заманауи роллерлік шаңғы трассасы салынды

Павлодар. 11 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Павлодарда Ертістің жағалауында "Зеленая роща" демалыс аймағының аумағында Қазақстан бойынша ең бірінші заманауи роллерлік шаңғы трассасы салынды, деп хабарлайды агенттік тілшісі қалалық денешынықтыру және спорт бөліміне сілтеме жасап.

Трассаны салу жұмыстарына қалалық бюджеттен 48 млн теңге бөлінді. Сонымен бірге 2 млн теңге спортшыларға қызмет көрсететін қарда жүретін "Буран" көлігін сатып алуға жұмсалды. Таяу уақыттарда Павлодарға құны 3 млн 700 мың теңгені құрайтын, шаңғы жолағын қардан тазартуға және тегістеуге арналған қосымша техника жеткізіледі. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін