Павлодарлық «Ертіс» поляктың «Ягелония» футболшыларын 2:0 есебімен жеңді - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарлық «Ертіс» поляктың «Ягелония» футболшыларын 2:0 есебімен жеңді

Павлодарлық «Ертіс» поляктың «Ягелония» футболшыларын 2:0 есебімен жеңді

Павлодарлық «Ертіс» футбол клубы Еуропа Лигасының бірінші біліктілік кезеңінің аясында кеше, бейсенбі күні поляктың «Ягелония» клубымен кездесіп, 2:0 есебімен жеңіске жетті.

  • 8 Шiлде 2011
  • 494
Фото - Caravan.kz

Бұл Польшаның Белосток қаласында өткен сыртқы кездесуге жауап матч болды, Польшада өткен ойында «Ертіс» 0:1 есебімен жеңілген еді.

Павлодардағы ойын негізінен қарсыластардың алаңында өтті. Бірінші кезеңнің 37-ші минутында поляктардың қақпасына бірінші голды павлодарлық команданың қорғаушысы Мамута Кулибали соқты. Ал бірінші таймның соңғы минуттарында соғылған шешудің голдың авторы — Глеб Мальцев болды.

Бұл жеңіс «Ертіске» Еуропа Лигасының келесі кезеңіне жолдама алып берді. Екінші біліктілік матчын павлодарлықтар 14 шілдеде Грузияның Рустави қаласында «Олимпи» командасымен ойнайды.

Соңғы жаңалықтар