Жарияланды: 20

Португалия құрамасы УЕФА Ұлттар лигасын жеңіп алды

Португалия құрамасы УЕФА Ұлттар лигасын жеңіп алды

 

Португалия құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының ең бірінші жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Турнир финалында Португалия құрамасы Нидерландымен кездесті. Бұған дейін Криштиану Роналду соққан үш голдың көмегімен Швейцарияны ұтса, Голландия Англиядан айласын асырған болатын.

Финалдық сайыста Португалия Голландияны 1:0 есебімен жеңді. Жалғыз голды Гонсалу Гедеш соқты.

Айта кетейік, Ұлттар лигасы тарихта бірінші рет ұйымдастырылып отырған турнир.

Өткен кездесудің ең үздік сәттерін назарларыңызға ұсынамыз.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін