“Қайрат” бапкері Вайсс қызметінен кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Қайрат” бапкері Вайсс қызметінен кетті

“Қайрат” бапкері Вайсс қызметінен кетті

Футболдан алматылық “Қайрат” командасының бас бапкері, словакиялық маман Владимир Вайсс қызметінен кетті деп хабарлайды команданың ресми сайтында.

  • 30 Қараша 2015
  • 588
Фото - Caravan.kz

Вайсс “Қайрат” командасына 2012 жылы келген. Алматылық клуб Вайсс жаттықтырған кезде Қазақстан чемпионатында екі қола медаль алған. Ал биыл “Қайрат” Қазақстан біріншілігінде “Астанадан” бір ұпайға қалып, екінші орын иеленді. 2014-2015 жылдары Қазақстан кубогын иеленді. Биыл Еуропа лигасы іріктеу кезеңінің плей-офф кезеңіне дейін жеткен.

2015 жылдың маусымы басталарда “Қайрат” басшылығы Владимир Вайстың алдына Қазақстан чемпионатын ұту және Еуропа лигасының топтық кезеңіне шығу міндеттерін қойған еді.


Алматылық команданы алдағы уақытта кім жаттықтыратыны әзірге белгісіз.

Соңғы жаңалықтар