«Қайрат» Еуропа лигасымен қош айтысты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қайрат» Еуропа лигасымен қош айтысты

«Қайрат» Еуропа лигасымен қош айтысты

Алматылық «Қайрат» Еуропа лигасының 2-ші іріктеу кезеңінде тель-авивтік «Маккабиден» айласын асыра алмады.

  • 22 Шiлде 2016
  • 268
Фото - Caravan.kz

Израильде өткен тартысты кездесу алаң қожайындарының пайдасына шешілді – 2:1. Ойынның небәрі 5-ші минутында-ақ «Маккабидің» шабуылшысы Таль Бен-Хаим таблода есеп ашты. Артынша, екінші таймда Жерар Гоу Исаэльдің пасынан таразы басын теңестірді. Бірақ кездесудің аяқталуына бес минут қалғанда тель-авивтік клубтың капитаны Альберман әдемі соққымен өз командасына жеңіс сыйлады.

Осылайша, «Маккаби» Еуропа лигасының келесі айналымында румыниялық «Пандурий» клубымен кездеседі.

Еуропа лигасы. 2-ші іріктеу кезең. Қарымта матч

«Маккаби»-«Қайрат» — 2:1 (Бірінші матч 1:1)

Голдар: Бен-Хаим 5, Альберман 85 – Гоу 64

«Маккаби»: Райкович, Медунянин, Альберман (к), Бен-Хаим 1, Миха, Тиби, Рикан, Бен-Хаим 2, Игиебор, Перец, Орланду Са

«Қайрат»: Плотников, Суюмбаев, Маркович, Арсо, Лунин, Бакаев, Тимощук (к), Асеведо, Аршавин, Исаэл, Гоу

Соңғы жаңалықтар