«Қайрат» ФК-ның бас жаттықтырушысы болып Джон Чарльз Грегори тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қайрат» ФК-ның бас жаттықтырушысы болып Джон Чарльз Грегори тағайындалды

«Қайрат» ФК-ның бас жаттықтырушысы болып Джон Чарльз Грегори тағайындалды

«Қайрат» футбол командасының бас бапкері болып 57 жасар ағылшындық маман Джон Чарльз Грегори тағайындалды. Бұл жайында бүгін Алматыда арнайы өткен баспасөз мәслихатында мәлім болды.

  • 14 Маусым 2011
  • 425
Фото - Caravan.kz

Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Хайрболат Хайдаровтың айтуынша, аталған команданың бұрынғы бас жаттықтырушысы өткен жұма күні оставкаға кетуге арыз берген. «Жаттықтырушының тез арада кетуіне өкініш білдіреміз. Дегенімен командаға жаңа жаттықтырушыны іздеп, ағылшын бапкерімен 2013 жылға дейін келісімшарт бекіттік. Жаңа бапкердің алдына жақын арада премьер-лиганың биік міндеттерін шеше алатындай жаңа құрам жасақтау міндеті қойылды», -дейді ол.

«Қайрат» командасына бапкер болып сайланғаныма өте қуаныштымын. Бұл команда жайында көп мәліметтермен танысып, «Қайраттың» елде үлкен беделге ие екеніне көзім жетті. Алдағы уақытта да жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіп, команданың беделін арттыра түсеміз деген ойдамын»,- дейді жаттықтырушы.

Англияда Джон Грегори «Порстмут», «Плимут Аргайл», «Уикомб Уондерерс», «Астон Вилла», «Дерби Каунти» и «Куинз Парк Рейнджерс» командаларына бапкерлік жұмысымен танымал. Соңғы жылдары Грегори Израильде «Маккаби Ахи» және «Ф.К. Ашдод» командаларын жаттықтырған.

Соңғы жаңалықтар