«Қайрат» футзалдан әлемдік клуб чемпионатында алғашқы жеңіске жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қайрат» футзалдан әлемдік клуб чемпионатында алғашқы жеңіске жетті

«Қайрат» футзалдан әлемдік клуб чемпионатында алғашқы жеңіске жетті

 Алматылық «Қайрат» футзал клубы турнир қожайыны «Атлантикомен» кездесіп, әлемдік клуб чемпионатындағы өзінің ойындарын ресми бастады.

  • 1 Қыркүйек 2015
  • 350
Фото - Caravan.kz


Алматылық команданың бас жаттықтырушысы Какау алғашқы минуттардан Леоны, Диванейді, Лукаянды және Игорьді ойынға қосты. Қақпадағы орынды дәстүр бойынша Игит иеленді.

Турнир қожайындары ойынды екпінмен бастады, дегенмен олардың шабуылын қауіпті деп айтуға болмайды — соққылардың бәрі де нысанаға дәл тимей жатты. 7-ші минутта Какау командасы есеп ашты. Кездесудің екінші жартысы да қожайындардың шабуылымен басталды. Екі минуттан кейін «Қайрат» артықшылығын екі есе ұлғайтты — Игорьдың берген добын Диваней қақпаға кіргізді. Үшінші допты Лео, ал төртіншісін — Алешандра соғып. қазақстандық ұжымның ойын өрнегін тамаша комбинациямен аяқтады, деп жазады Sports.kz.

Соңғы жаңалықтар