Алматылықтар Қазақстан Премьер-лигасына Бірінші лигадан биылғы маусымда қайта оралып, ел чемпионатында 14 команданың арасынан 10-шы орынға табан тіреген болатын. Ал 2006 жылдан бері Ресей Премьер-лигасында өнер көрсетіп жүрген нальчиктіктер 2011-2012 жылғы маусымда соңғы орын алып, Бірінші лигаға түсіп қалған еді.
Бұл Владимир Вайсс жаттықтыратын алматылық клубтың алдағы жаңа маусымға әзірлік кезіндегі Түркиядағы алғашқы оқу-жаттығу жиыны. Олар бұған дейін тұңғыш бақылау матчын Қазақстан Премьер-лигасында биыл екінші рет ел чемпионы атанған — Қарағандының «Шахтер» командасымен өткізіп, 2:0 есебімен басым түскен болатын.