Жарияланды: 560

«Қайрат» шағын футбол командасының құрамы бразилиялық жаңа ойыншылармен толықты

«Қайрат» шағын футбол командасы бразилиялық Эулер Коэльо Меркес пен Адалберто Нунес да Силвамен толықты. Қазақстандық ең әйгілі футбол клубының басшылығы - Адалбертомен 2 жылға, ал Эулермен 1+1 шартымен келісімшарт жасасып отыр.

«Бетао» деген лақап аты бар Адалберто Нунес да Силва 1978 жылы 2 қыркүйекте өмірге келген болатын. Бұған дейін өз елінде «Дженерал Моторс» (1997-1998), «Банеспа» (1999-2001) «UCS» (2002-2003) «Карлос-Барбоза» (2003-2004) және Испанияның«Аутос Лобелье» (2004-2008), «Интер Мовистар» (2008-2012) командаларында өнер көрсеткен. Әр жылдары - Бразилия (1998) мен Испания (2006, 2009) кубогының, Испания суперкубогының (2009), Құрлықаралық кубогтың (2004), Кубог иегерлері кубогының (2007), УЕФА кубогының (2009) иегері, Бразилия (2004), Испания (2008) чемпионы және Бразилия құрамасы сапында Әлем чемпионы (2008) атанды. «Эулер» деген лақап аты бар Эулер Коэльо Маркес болса 1997 жылы 24 тамызда өмірге келген. Спорттық мансабында Бразилияның «Атлетико Минейро» (1997-1999), «Васко да Гама» (2000-2001), «Карлос Барбоза» (2002-2003), Испанияның «Плайас де Кастельон» (2003-2009), Сарагоса (2009-2011) және Италияның «Лупаренце» (2011-2012) командаларында өнер көрсетті. Бразилияның 3 дүркін (1997, 1999, 2000), Италияның 1 дүркін (2012) чемпионы, Оңтүстік Америка кубогының (2001), Испания суперкубогының (2004) жеңімпазы және Бразилия құрамасы сапында 2004 жылы Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін