"Қайраттың" бұрынғы футболшысын атып өлтірді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қайраттың" бұрынғы футболшысын атып өлтірді

"Қайраттың" бұрынғы футболшысын атып өлтірді

Соңғы уақытта 27 жастағы спортшы "Коринтианс" клубында өнер көрсеткен.

  • 12 Тамыз 2019
  • 47
Фото - Caravan.kz

"Қайрат" шағын футбол клубының бұрынғы ойыншысы Дуглас Нуньесті Бразилияның Эрешин қаласында атып өлтірді.

Соңғы уақытта 27 жастағы футболшы "Коринтианс" клубында өнер көрсеткен. Команда "Атлантикомен"  Бразилия кубогы үшін кездесу өткізген. Бұдан кейін қаладағы түнгі клубқа барған, деп хабарлайды Sports.kz.

Куәгерлердің айтуынша, Дуглас Нуньес пен "Коринтианстың" өзге ойыншылары түнгі клубта жанжалға араласып кеткен. Клубтан шыққан кезде олардың жанына көлік жақындап, оқ атқан. Салдарынан Дуглас Нуньес жарақат алып, көз жұмды.


Полиция қылмыскерді іздестіруге кірісті. Дуглас Нуньес "Қайрат" футбол клубында өнер көрсеткен болатын. Оның құрамында 2017 жылы Қазақстан чемпионы атанып, УЕФА кубогында 3-орынға ие болды.

 

Соңғы жаңалықтар