Қанат Әбутәліпов Лондон Олимпиадасының жолдамасын иеленді
Қанат Әбутәліпов 27-28 мамыр күндері Қытайдың Гуйжоу қаласында өткен Бүкіләлемдік бокс сериясының жекелей чемпионатында 54 келіге дейінгі салмақта жеңімпаз атанды. |
Ол Бүкіләлемдік бокс сериясы рейтингіндегі ең үздік боксшы деп танылды. Сөйтіп, ол Лондон Олимпиадасының жолдамасын иеленді.
«Астана арландары» командасы сапында өнер көрсететін қазақстандық былғары қолғап шебері жекелей чемпионатта «Париж Юнайтед» командасынан француз Нордин Оубалимен жекпе-жек өткізген болатын. Бұл кездесу 2:1 (68-65, 66-67, 67-66) есебімен аяқталды. Ал 61 келі салмақта бақ сынаған Ержан Мүсәпіров «Бейжің айдаһарлары» командасының боксшысы қытайлық Ванг Жимингке 1:2 (66:67, 66:67, 67:66) есебімен есе жіберді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін