Қанат Әбутәліпов Лондон Олимпиадасының жолдамасын иеленді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қанат Әбутәліпов Лондон Олимпиадасының жолдамасын иеленді

Қанат Әбутәліпов Лондон Олимпиадасының жолдамасын иеленді

Қанат Әбутәліпов 27-28 мамыр күндері Қытайдың Гуйжоу қаласында өткен Бүкіләлемдік бокс сериясының жекелей чемпионатында 54 келіге дейінгі салмақта жеңімпаз атанды.

  • 30 Мамыр 2011
  • 408
Фото - Caravan.kz

Ол Бүкіләлемдік бокс сериясы рейтингіндегі ең үздік боксшы деп танылды. Сөйтіп, ол Лондон Олимпиадасының жолдамасын иеленді.

«Астана арландары» командасы сапында өнер көрсететін қазақстандық былғары қолғап шебері жекелей чемпионатта «Париж Юнайтед» командасынан француз Нордин Оубалимен жекпе-жек өткізген болатын. Бұл кездесу 2:1 (68-65, 66-67, 67-66) есебімен аяқталды. Ал 61 келі салмақта бақ сынаған Ержан Мүсәпіров «Бейжің айдаһарлары» командасының боксшысы қытайлық Ванг Жимингке 1:2 (66:67, 66:67, 67:66) есебімен есе жіберді.

Соңғы жаңалықтар