«Кәсіби бокста жүргеніме бес жыл болды, бұл аз уақыт емес. Осы уақыт аралығында 23 айқаста жеңген екенмін, оның 19-ын нокаутпен аяқтадым. Қазір ұйымдардың рейтингтерінде жоғары орында тұрмын және әлем чемпионы атанатын уақыт жетті деп ойлаймын. Мен тоқтап тұра алмаймын және белбеулерді жеңіп алуым керек», — деді Қ. Ислам.
Қанаттың айтуынша, ол Қазақстаннан АҚШ-қа бірнеше күн бұрын ұшып келген.
«Менің демалысым аяқталды. Қазір Флоридада промоутерім Нельсон Лопестің жаттығу базасында жұмыс істеп жатырмын. Қазір жаттығуларға кірісіп кеттім, мамыр айының соңында өзімнің 24-ші жекпе-жегімді өткіземін. Қарсыласымның есімі осы аптада белгілі болатынына үміттенемін. Биылғы жыл мен үшін маңызды, себебі 9 қыркүйек күні Қазақстанда тамаша бокс кешін өткіземін. Менің басты мақсатым — әлем чемпионы атану, сондықтан мамыр айындағы бокстан кейін осы айқасқа дайындаламын. Келіссөздер жақында басталады және мен бұл жекпе-жек арқылы әлем жұртшылығының назары Астанаға ауады деп үміттенемін. Бұл шоуға 15 мың көрермен жиналатыны болжанып отыр», — деді Қ.Ислам.