Қанат Ислам IBF Intercontinental рейтингінде бірінші орынға шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қанат Ислам IBF Intercontinental рейтингінде бірінші орынға шықты

Қанат Ислам IBF Intercontinental рейтингінде бірінші орынға шықты

Қазақ кәсіпқой боксшысы Қанат Ислам IBF Intercontinental рейтингінде бірінші орынға шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. Халықар

  • 25 Мамыр 2017
  • 396
Фото - Caravan.kz

Қазақ кәсіпқой боксшысы Қанат Ислам IBF Intercontinental рейтингінде бірінші орынға шықты, — деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Халықаралық бокс қауымдастығының (IBF) жаңарған құрлықтық рейтингінде отандасымыз көш басына шықты. Екінші орында ағылшын Ахмет Паттерсон болса, үштікке Франция елінің боксшысы Закария Аттоу енген. Бұл салмақта чемпиондық атаққа ие боксшы — италиялықОрландо Фиордигиглио.

Айта кетейік, бірінші орта салмақта бақ сынайтын отандасымыз WBO Intercontinental және WBA Fedelatin чемпиондық атақтарына ие. 27 мамыр күні таңда Қанат АҚШ-тың Флорида штатында кезекті кездесуін өткізеді. Қарсыласы – мексикалық боксшы Норберто Гонсалес (Norberto Gonzalez).



Норберто Гонсалес бүгінге дейін 31 кездесу өткізіп, 23-інде жеңіске жеткен. 13 жекпе-жегін нокаутпен ұтқан. 8 кездесуінде жеңіліс тапқан. Норберто Гонсалестің лақап аты – Әзәзіл! Ол өз салмағы бойынша мексикалық боксшылардың үздік төрттігінде. QAZAQ пен Гонсалес WBO NABA және WBA intercontinental тұжырымының чемпиондық белбеуі үшін жұдырықтасады.

Қанат шаршы алаңға шығатын бокс кешінде Жанқош Тұраров та кезекті кездесуін өткізеді.

 

Соңғы жаңалықтар