Қанат Ислам келесі кездесуіне дайындалу үшін АҚШ-қа аттанды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қанат Ислам келесі кездесуіне дайындалу үшін АҚШ-қа аттанды

Қанат Ислам келесі кездесуіне дайындалу үшін АҚШ-қа аттанды

Бірінші орта салмақтағы WBO Intercontinental және WBA Fedelatin тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Қанат Ислам келесі кездесуге дайындалу

  • 11 Сәуiр 2017
  • 322
Фото - Caravan.kz

Бірінші орта салмақтағы WBO Intercontinental және WBA Fedelatin тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Қанат Ислам келесі кездесуге дайындалу үшін АҚШ-қа аттанды, деп жазады Vesti.kzпорталы.

Отандасымыз келесі жекпе-жегіне дайындықтарын жалғастыру үшін бүгін таңда АҚШ-қа жол тартты. Жуырда ғана лақап атын "QAZAQ" деп өзгерткен былғары қолғап шеберіміздің PR менеджері Берік Сұлтанның айтуынша, Қанат Ислам келесі кездесуіне Майами қаласында дайындалады. Ал оның қарсыласы бір аптаның ішінде белгілі болады екен.

Айта кетейік, Қанат Ислам кәсіпқой бокстағы өзінің соңғы жекпе-жегін 18 ақпан күні АҚШ-тың Делавэр штатының Уилмингтон қаласында өкітізіп, бразилиялық Робсон Ассисті бірінші раундта нокаутқа түсірген болатын.

Келесі кездесуін ол мамыр айына жоспарлап отыр. Сол кездесуден кейін боксшымыз елге оралып, 9 қыркүйекте Астанадағы
"Сарыарқа"
спорт кешенінде жекпе-жек өткізеді. Бұл кездесуде ол Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) белбеуі үшін жекпе-жек өткізуі мүмкін.

 

Соңғы жаңалықтар