Қанат Ислам келесі жекпе-жегін Қазақстанда өткізгісі келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қанат Ислам келесі жекпе-жегін Қазақстанда өткізгісі келеді

Қанат Ислам келесі жекпе-жегін Қазақстанда өткізгісі келеді

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам кәсіби рингтегі 21-ші жекпе-жегіне дайындалуда.  Қарашада доминикандық Батистаны айқын ұтқан қазақ жігіті келесі кездесуін қаңтар айының 15-20-ы аралығында өткізуді жоспарлап отыр, деп жазады «Хабар» арнасы.

  • 24 Желтоқсан 2015
  • 440
Фото - Caravan.kz

 «Уақытты бос өткізбей мүмкін келер айда жоспарлар бар. Оны менің Америкадағы командам, промоутерларым, жаттықтырушыларым қазір сол жұмыстармен сөйлесіп жатыр», — деді WBA FedeCaribe чемпионы Қанат Ислам.

Орта салмақта WBA FedeCaribe тұжырымы бойынша «алтын белдікті» иеленген Қанат бұған дейінгі 20 кездесудің барлығын да айқын ұтты. 

«Ендігі қарсыласты Колумбиядан WBA мамандары ұсынып жатыр», — дейді Қанат Ислам.  Себебі Ислам қазір осы тұжырым бойынша үздік бестіктің қатарында тұр.

Биыл атақты промоутер Эл Хэймонмен келісімшартқа отырған жерлесіміз: «Жекпе-жекті Қазақстанда өткізсек. Мүмкін болса осы Алматы, Астанада 21-ші кездесуімді өткізуге ұсыныстар бар», — дейді қазақстандық боксшы.


Соңғы жаңалықтар