Қанат Ислам Норберто Гонсалесті ұпай санымен жеңді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қанат Ислам Норберто Гонсалесті ұпай санымен жеңді

Қанат Ислам Норберто Гонсалесті ұпай санымен жеңді

Бірінші орта салмақта WBO Intercontinental және WBA Fedelatin белбеулерінің иегері қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам (24-0, 19 КО) мексикалық Норберто Гонсалесті (24-9, 13 КО) ұпай санымен ұтты, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

  • 27 Мамыр 2017
  • 459
Фото - Caravan.kz

Бока-Ратонеде (АҚШ, Флорида штаты) қаласында өткен 12 раундтық жекпе-жекте Қанат Ислам қарсыласынан басым түсті. Осы жеңісінің арқасында отандасымыз бірінші орта салмақтағы WBO NABA және WBA Intercontinental титулдарын жеңіп алды. Бұл Қанаттың кәсіби бокстағы 24-ші жеңісі. Айта кетейік, boxrec.com сайты Қанаттың мексикалық Норберто Гонсалеске қарсы жекпе-жегінің деңгейін 3 жұлдызға бағалады. boxRec порталының әлемдік рейтингінде Қанат бірінші орта салмақта 55 ұпаймен 55-орында тұрған болса, Гонсалес 59 ұпаймен 46-орында тұрған болатын. Бұл Қанаттың алғашқы 3 жұлдыз деңгейіндегі жекпе-жегі.



 

Соңғы жаңалықтар