Қанат Ислам Верамен кездесуден бас тартты - америкалық боксшының менеджері - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қанат Ислам Верамен кездесуден бас тартты - америкалық боксшының менеджері

Қанат Ислам Верамен кездесуден бас тартты - америкалық боксшының менеджері

 

  • 6 Ақпан 2018
  • 1301
Фото - Caravan.kz

Roy Jones Jr. Boxing Promotions промоутерлік компаниясының матчмейкері, бірінші орта салмақта өнер көрсететін америкалық боксшы Джон Вераның (18-0, 11 КО) жекпе-жектерін ұйымдастыратын Гай Тейлор Vesti.kz порталының тілшісіне Қанат Исламмен (25-0, 20 KO) кездесу не үшін өтпей қалғаны туралы айтып берді.

— Менің ойымша, Ислам Верамен жұдырықтасқысы келмейді. Біз келіссөз жүргізуге тырыстық. Бірақ оның командасы біздің ұсынысымызға жауап бермей қойды, — дейді Тейлор.

— Келіссөз жүргіздік дедіңіз. Қай тарап келісімге келмеді сонда?

— Біз Қанат Ислам сұраған ақшағы беруге дайын болдық. Дегенмен кейін олар Қанат кездесуде өткізгісі келмейтінін айтты.

— Исламның командасы жекпе-жектен бас тартқан жоқпайыз дейді. Бұл туралы не айта аласыз?

— Менде Қанат Исламның кездесуден бас тартқаны туралы электронды хат бар. Қазір біз бұл мәселеге қатысты WBA кеңесінің шешімін күтіп отырмыз. Негізі бұл мәселе 2 қаңтар күні шешілуі керек еді. Дедлайн уақыты өтіп кетті. Басқа ештеме айта алмаймын.

— Франция бокс федерациясы 24 наурыз күні Марсель қаласында Вера мен Мишель Соро арасындағы кездесудің өтетінін хабарлады. Бұл қаншалықты рас ақпарат?



— Бұл туралы ешқандай пікір бере алмаймын. Біз WBA шешімін күтіп отырмыз.

21 қарашада Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) резолюция шығарған еді. Ол бойынша, Вера мен қазақстандық Қанат Ислам (25-0, 20 КО) суперчемпион Лараға міндетті қарсылас атану үшін жекпе-жек өткізу туралы бір ай ішінде келісу керек болатын.

WBA тағайындаған мерзім өтіп кетті, дегенмен, ұйымның ресми шешімі әлі жарияланған жоқ. Қаңтарда Vesti.kz америкалық боксшының командасындағы мәлімет көзіне сілтеме жасап, бұл жекпе-жектен қазақстандықтың бас тартуына байланысты болмайтынын хабарлаған.

Қанат Ислам болса жуық арада екі кездесу өткізетіні туралы айтып еді. Оның бірі наурыз айында АҚШ-та өтсе, екіншісі Қазақстанда өтеді.

 

Соңғы жаңалықтар