Қанат Ислам WBA FedeСaribe тұжырымы бойынша чемпион атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қанат Ислам WBA FedeСaribe тұжырымы бойынша чемпион атанды

Қанат Ислам WBA FedeСaribe тұжырымы бойынша чемпион атанды

Қазақ боксшысы Қанат Ислам Доминикан Республикасында эквадорлық Хумберто Толедоны бірінші раундтың 32 cекундтында есінен тандырып, таза жеңіске жетті,

  • 19 Желтоқсан 2012
  • 380
Фото - Caravan.kz

деп хабарлайды «Аламан» агенттігі.

Осылайша, Қанат Ислам кәсіпқой бокстағы алғашқы атағына қол жеткізді. Енді ол WBA FedeCaribe тұжырымының чемпионы. Яғни, Қанат Ислам орташа жеңіл салмақ бойынша Кариб аймағының үздігі.

«Қанат Исламның биылға жоспарланған кездесулері бітті. Енді ол біраз демалады. Келесі кездесуін ақпан айының соңына жоспарлап отырмыз, — деді боксшының проумоутері Нельсон Мендес «Аламанның» тілшісіне берген сұхбатында.

28 жастағы қазақ боксшысы 69 келіге дейінгі жартылай орта салмақта бокстасып жүр. Қанат Ислам қазір Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) ережесі бойынша әлем чемпионы атағына таласуға мүмкіндігі бар. WBC ережесіне сәйкес Қанатқа рейтингі жоғары 40 боксшыдан озу үшін барлық жекпе-жектерінде жеңіске жету керек. Үздік 15-тің сапына кірген жағдайда жартылай орта салмақтағы қазіргі әлем чемпионы «жеңілмейтін қабылан» деген лақап аты бар АҚШ боксшысы Флойд Мэйуэзермен (43 жекпе-жек, 43 жеңіс) кездесуі мүмкін. WBO рейтингіне ілініп, үздік 15-тің қатарына ілінбесе, Мэйуэзер оның жекпе-жекке шығу туралы ұсынысын қабылдамайды. Ал АҚШ боксшысын жеңсе, кәсіпқой бокстың ережесі бойынша Қанат Ислам әлем чемпионы атанады. Қазақ боксшысы осыған дейін Доминикан Республикасының бес боксшысымен кездесіп, барлығын нокаутпен жеңген.

Алдымен, Ла-Рамано қаласында Даниэдь Веатоны (28 қыркүйек), одан кейін Анеиди Матресті (2 қазан) жеңді.

Қазанның 18-і Санто-Доминго қаласындағы кездесуде Модесто Феликсті, 29 қазанда Нелсидо Мигуэльді нокаутпен ұтты. Ал қарашаның 10-ы күні Хосе Антонио Родригеспен өткен кездесу үшінші раундта тоқтатылып, Қанат Исламға таза жеңіс берілді.

Боксшы қарашаның 24-і күні Колумбия астанасы Боготода жергілікті боксшы Сегунда Херрераны екінші раундта нокаутқа жіберген еді.

Одан кейін жетінші кездесуінде жеңіске жетті. Пуэрто-Колумбия қаласында өткен жекпе-жекте ол колумбиялық боксшысы Реиналдо Эскуивианы ұтты.