Жарияланды: 490

Қанат Ислам WBA рейтингінде көш бастап тұр

Қанат Ислам WBA рейтингінде көш бастап тұр

Қазақ кәсіпқой боксшысы Қанат "Qazaq" Ислам Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBA) рейтингінде көш бастап келеді.


WBA барлық салмақ дәрежелері бойынша рейтингті жаңартты. Бірінші орта салмақта жұдырықтасатын Қанат көш тізгінін сақтап қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

WBO NABO және WBA Inter-Continental чемпиондық атағына ие отандасымыз 2017 жылдың қазан айынан бастап бірінші орында келеді. "Qazaq" бақ сынайтын салмақта WBA cуперчемпиондық атағы кубалық Эрисланди Лараға, ал тұрақты чемпиондық атақ аргентиналық Карлос Брайан Кастаньо еншісінде. Ал үздік рейтинг үштігінде Қанаттан кейін америкалық Джон Вера мен француз Мичел Соро орналасқан.

Айта кетейік, қараша айының соңында Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) Қанат Ислам мен осы салмақта рейтингте екінші тұрған америкалық Джон Вера арасындағы кездесудің өтуін міндеттеген еді. Бұл кездесуде жеңіске жеткен боксшы чемпионнның міндетті қарсыласы болады.

Қанат Ислам соңғы кездесуін 9 қыркүйек күні елордамыз Астана қаласында өткізіп, канадалықБрэндон Кукты (18-1, 11 КО) тоғызыншы раундта техникалық нокаутпен жеңді. Осылайша отандасымыз WBO NABO және WBA Inter-Continental белбеулерін сақтап қалған-ды.

Жаңарған WBA рейтингінде бірінші ауыр салмақта Иса Ақбербаев 10-орында тұр. Жартылай орта салмақта Жанқош Тұраров 12-орында болса, жеңілірек салмақта Жанат Жақиянов 5-орында келеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін