Жарияланды: 1800

Қанат Ислам WBA рейтингінің ТОП-5-тігіне кірді

Қанат Ислам WBA рейтингінің ТОП-5-тігіне кірді

Қазақстандық кәсіби боксшы  Қанат Ислам Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) рейтингінің ТОП-5-тігіне кірді,  деп хабарлады Vesti.kz.

Бірінші орта салмақтағы  Ислам  осы жылғы мамырдан бастап алтыншы орында болған. Енді WBA желтоқсандық рейтингінде бір сатыға жоғарылады. Қазақстандықтың есебінде 19 айқас, бірде-бір рет жеңілмеген.

Қазіргі сәтте Қанат WBA Fedelatin белдігіне ие. Әлемнің белгілі кәсіби бокс жетекші менеджері Эло Хэймонмен келісімшарт жасасқан.     

Естеріңізге сала кетсек, IBO нұсқасы бойынша боксшылардың жаңартылған рейтингі шыққан болатын. Қазақстандық боксшылардың орындары өзгерді. Жеңіл салмақ дәрежесіндегі боксшы (53,5 килограммға дейін) Жанат Жақиянов 40-шы орында қалды. Қанат Ислам бірінші орта салмақ (69,8 келіге дейін) дәрежесінде рейтингтегі орнын жақсартып, 88-орыннан 81-орынға көтерілді. Бірінші ауыр салмақта (90,7 келіге дейін) Бейбіт Шүменов бір сатыға төмендеп, 11-ші орынға түсті, ал Иса Ақбербаев өзгеріссіз 33-орында қалды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін