Жарияланды: 480

Қанат Ислам жанкүйерлері үшін ашық жаттығу өткізеді

Қанат Ислам жанкүйерлері үшін ашық жаттығу өткізеді

Бүгін Қанат Ислам Астанада «EXPO-2017» көрмесінің аумағындағы амфитеатр маңында жанкүйерлеріне арнап, ашық жаттығу өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сағат 18:30-да өтетін ашық жаттығуға Қанат Исламнан өзге Жанқош Тұраров, Жәнібек Әлімханұлы, Руслан Мырсатаев, Айдос Ербосынұлы, Нұрсұлтан Жаңабаевтар да өз шеберліктерін көрсететін болады. Шара аясында жанкүйерлерге боксшылармен суретке түсіп, қолтаңба алуға тамаша мүмкіндік туып тұр. Еске салайық, 9 қыркүйек күні Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде жоғарыда аты аталған және өзге де боксшыларымыз «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында өтетін бокс кешінде өнер көрсетеді. Басты жекпе-жек Қанат Ислам мен (24-0,19 КО) канадалық Брэндон Кукпен (18-0, 11КО) арасында өтеді. Боксшылар бірінші орта салмақтағы IBF титулына үміткерлікке таласады. Сондай-ақ осы жекпе-жектің андеркартында қазақстандық 8 боксшы шаршы алаңға шығады. Олар - Жанқош Тұраров (21-0, 15КО), Жәнібек Әлімханұлы (1-0, 1КО), Мейірім Нұрсұлтанов (3-0,2КО), Руслан Мырсатаев (3-0, 3КО), Әли Ахмедов (7-0,5КО), Айдос Ербосынұлы (6-0, 6КО), Димаш Ниязов (11-0-3, 5КО) және Нұрсұлтан Жаңабаев.


 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін