"Қыркүйектің 9 күні Қазақстанның "Сарыарқа" велотрегінде бокс кеші өтеді. Бұл үлкен жекпе-жектің өтетін кезді асыға күтіп жүрмін. Менің командама өте керемет тәжірибе болады. Біз осындамыз және дайынбыз", — деп жазды канадалық боксшы өзінің Instagram-дағы парақшасында.
Еске сала кетейік, Ислам — Кук жекпе-жегі 9 қыркүйек күні Астанадағы "Сарыарқа" велотрегінде өтеді. Отандасымыз бірінші орта салмақтағы WBO NABO және WBA Inter-Continental белбеулерін қоғайды. Сондай-ақ осы жекпе-жектің андеркартында қазақстандық 8 боксшы шаршы алаңға шығады. Ғаламторда Қанат Ислам — Брэндон Кук айқасының жаңа промо-ролигі шықты.