Қаңтарда кәсіпқой боксшылардан кімдер жұдырықтасады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қаңтарда кәсіпқой боксшылардан кімдер жұдырықтасады

Қаңтарда кәсіпқой боксшылардан кімдер жұдырықтасады

Кәсіпқой боксшылардан қаңтар айында кімдердің жұдырықтасатыны белгілі болды.

  • 4 Қаңтар 2018
  • 549
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. 

Қаңтар айында бірнеше қазақстандық боксшы кезекті жекпе-жектерін өткізеді. Олар:

Бақтияр Эюбов (Қазақстан) — Морис Чалмерс (АҚШ), 12 қаңтар.

Бақтияр Эюбов қазірге дейін 13 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Оның 11-ін мерзімінен бұрын аяқтаған. Қос боксшы АҚШ-та бірінші жартылай жеңіл салмақта жұдырықтасады. Жекпе-жек 6 раундқа жоспарланған.

Мадияр Жанұзақ (Қазақстан) —  Джон Марк Алеман  (филиппин),   18 қаңтар.

Мадияр Жанұзақ осыған дейін үш кездесу өткізіп барлығында жеңіске жетті. Боксшылар  Санкт-Петербургте жұдырықтасады. Жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған.


Арман Рысбек (Қазақстан) — Эштон Сайкс (АҚШ), 27 қаңтар.

Отандасымыз 27 қаңтарда АҚШ-та кәсіпқой бокстағы алғашқы айқасына шығады. Жекпе-жек 4 раундқа жоспарланған. Кездесу екінші орта салмақта (76,2 келі — 168 фунт) өтеді.

Соңғы жаңалықтар