Оны «ҚазМұнайГаз» бен «Номад Ойл» компанияларының қолдауымен «Tele2 Қазақстан» байланыс операторы мен Қарағанды қаласы бойынша бокстан олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі бірлесіп ұйымдастырып отыр. Оған ресмпубликаның түкпір-түкпірінен және Әзірбайжан мен Өзбекстаннан 100-ге жуық балғын боксшылар қатысуда.
Он бес салмақ дәрежесі бойынша өтетін бұл байрақты бәсекенің жеңімпаздары жұма күні анықталады. Оларға демеушілердің естелік сыйлықтары және жүлделерімен Серік Сәпиевтің өзі марапаттамақ.