Жарияланды: 570

Қарағандыда жасөспірімдер арасында бокстан Серік Сәпиев атындағы турнир өтіп жатыр

Қарағандыда жасөспірімдер арасында бокстан Серік Сәпиев атындағы турнир өтіп жатыр

Қарағандыда 14-15 жастағы балалар арасында бокстан Олимпиада чемпионы, ҚР еңбегі сіңген спорт шебері Серік Сәпиев атындағы  IV республикалық турнир басталды.

«Бұл турнир игі дәстүрге айналып, төртінші рет ұйымдастырылып жатқаны қуантады. Мұндай шаралар бокстың дамуына ықпал етеді. Ұйымдастырушылар мен қатысушыларға рахмет. Жастар үшін бұл тәжірибе жинақтау және ұлттық құрама қатарына ену мүмкіндігі. Мен карьерамды осы сынды турнирлерге қатысудан бастағанмын», - деді С. Сәпиев журналистерге берген сұхбатында.

Турнирге Қарағанды, Алматы,  Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарынан, Павлодар қаласынан 100-ге жуық спортшы қатысуда. Бәсекелер 14 салмақ дәрежесі бойынша өтіп жатыр: 44 кг, 46 кг, 48 кг, 50 кг, 52 кг, 54 кг, 57 кг, 60 кг, 63 кг, 66 кг, 70 кг,75 кг, 80 кг, 80 кг астам.

Турнирдің жабылу салтанаты 14 қарашада өтеді.  

null

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін