«Бұл турнир игі дәстүрге айналып, төртінші рет ұйымдастырылып жатқаны қуантады. Мұндай шаралар бокстың дамуына ықпал етеді. Ұйымдастырушылар мен қатысушыларға рахмет. Жастар үшін бұл тәжірибе жинақтау және ұлттық құрама қатарына ену мүмкіндігі. Мен карьерамды осы сынды турнирлерге қатысудан бастағанмын», — деді С. Сәпиев журналистерге берген сұхбатында.
Турнирге Қарағанды, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарынан, Павлодар қаласынан 100-ге жуық спортшы қатысуда. Бәсекелер 14 салмақ дәрежесі бойынша өтіп жатыр: 44 кг, 46 кг, 48 кг, 50 кг, 52 кг, 54 кг, 57 кг, 60 кг, 63 кг, 66 кг, 70 кг,75 кг, 80 кг, 80 кг астам.
Турнирдің жабылу салтанаты 14 қарашада өтеді.