Жарияланды: 450

Қарағандыда жасөспірімдер арасында футболдан республикалық турнир өтіп жатыр

Бүгін Қарағандыда футболдан «Жаңа жылдық демалыс» деп аталатын республикалық турнир басталды.

Жасөспірімдер арасындағы бұл бәсекеге 6 команда қатысып жатыр. Олардың арасында Қарағандының «Шахтер» мен «Жастар», Астананың «Астана», Павлодардың «Ертіс», Теміртаудың «Болат» және Саран қаласының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің аяқдопшылары бар. Олег Казьмирчук жаттықтыратын астаналықтар алғашқы кездесуде сарандық құрдастарын 10:2 есебімен ойсырата ұтты. Бұл ойында қарсыластар қақпасына Азамат Қабиров пен Жасасын Қалмахамбет қос-қостан, ал Әлілқайыр Аманбек және ағайынды Эдик пен Рудольф Воронсбехерлер бір-бірден доп соқты. Енді келесі ойындарын олар ертең жарыс қожайындарының «Жастар» командасымен өткізеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін