Қарағандыда жасөспірімдер арасында футболдан республикалық турнир өтіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 518.34
  • 607.18
+28 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда жасөспірімдер арасында футболдан республикалық турнир өтіп жатыр

Қарағандыда жасөспірімдер арасында футболдан республикалық турнир өтіп жатыр

Бүгін Қарағандыда футболдан «Жаңа жылдық демалыс» деп аталатын республикалық турнир басталды.

  • 4 Қаңтар 2013
  • 440
Фото - Caravan.kz

Жасөспірімдер арасындағы бұл бәсекеге 6 команда қатысып жатыр. Олардың арасында Қарағандының «Шахтер» мен «Жастар», Астананың «Астана», Павлодардың «Ертіс», Теміртаудың «Болат» және Саран қаласының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің аяқдопшылары бар.

Олег Казьмирчук жаттықтыратын астаналықтар алғашқы кездесуде сарандық құрдастарын 10:2 есебімен ойсырата ұтты. Бұл ойында қарсыластар қақпасына Азамат Қабиров пен Жасасын Қалмахамбет қос-қостан, ал Әлілқайыр Аманбек және ағайынды Эдик пен Рудольф Воронсбехерлер бір-бірден доп соқты. Енді келесі ойындарын олар ертең жарыс қожайындарының «Жастар» командасымен өткізеді.