«Қарағандылық» футболшылар Анталияға аттанады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қарағандылық» футболшылар Анталияға аттанады

«Қарағандылық» футболшылар Анталияға аттанады

Қарағандының «Шахтер» футбол клубы 3-15 қаңтарда Түркияның Анталья қаласында екінші оқу-жаттығу жиынын өткізеді.

  • 1 Қаңтар 2013
  • 309
Фото - Caravan.kz


Алғашқы жиынын олар онда 9-27 желтоқсан күндері өткізген болатын. Биыл чемпиондық атағын сақтап қалған қарағандылықтар жаңа маусымға әзірлік кезінде 3 жолдастық кездесу өткізді. Алғашқысын 14 желтоқсанда Алматының «Қайратымен» өткізген чемпиондар 0:2 есебімен күтпеген жерден жеңіліс тапты. Виктор Кумыков баптайтын «шахтерлар» одан кейін ҚР Тәуелсіздік күні Малайзияның жастар құрамасын 3:0 етіп жеңіп жанкүйерлерін бір желпінткен еді. 19 желтоқсанда Ресейдің Нальчик қаласының «Спартак-Нальчик» командасымен болған ақтық ойында 0:1 есебімен қарсыласына есе жіберді.