Қарағандылық футболшылар өз алаңында Еуропа лигасындағы қарымта ойынын өткізеді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандылық футболшылар өз алаңында Еуропа лигасындағы қарымта ойынын өткізеді

Қарағандылық футболшылар өз алаңында Еуропа лигасындағы қарымта ойынын өткізеді

Бүгін Қарағанды қаласында "Шахтер" футбол клубы Словенияның "Копер" клубымен Еуропа лигасындағы 1-дәрежелік кезеңіндегі қарымта ойынын өткізеді.

  • 7 Шiлде 2011
  • 456
Фото - Caravan.kz

Қарағандылықтар 1 шілде күні Коперде өткен сырт алаңдағы алғашқы ойында 1:1 есебімен тең түскен болатын. Онда алаң иелері кездесудің 84-ші минутында есеп ашқан еді. Виктор Кумыковтың тәлімгерлерінен Жамбыл Көкеев ойынның ең соңғы минутында пенальтиден есепті теңестіріп кетті.

Жалпы қарағандылықтар өз тарихында УЕФА аясындағы кубоктық бәсекелер додасына осымен төртінші рет түсіп отыр. Ең алғаш рет олар 2006 жылы Интертото Кубогы үшін болған сында Белорусьтің «МТЗ-РИПО» командасымен, одан кейін 2008/2009 жылғы маусымда УЕФА Кубогында Венгрияның «Дебрецен», ал 2010 жылы УЕФА-ның Еуропа Лигасында Польшаның «РУХ» футбол клубымен кездескен еді. Олардың бұл жолғы қарсыласы Словенияның Копер деп аталатын портты қаласының «Лука Копер» футбол клубы болып отыр. Коперліктер 2009/2010 жылғы футбол маусымында Словения чемпионы және Словения кубогының иегері атанған болатын. Биылғы маусымда олар Словения чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Егер қарағандылықтар өз алаңында басым түссе, Еуропа лигасының 2-ші дәрежелік кезеңіне өткен алғашқы қазақстандық команда болмақ. Онда олардың қарсыласы Исландияның Вестманнаэйяр қаласының «ИБВ» пен Ирландияның Дублин қаласының «Сент-Патрикс» футбол клубы арасындағы қарымта кездесудің жеңімпазы болмақ. Бұған дейін алғашқы ойында исландиялықтар қарсыластарынан 1:0 есебімен басым түскен еді.

Соңғы жаңалықтар