Жарияланды: 350

Қарағандылық құзға өрмелеушілер республикалық жарыстарда 20 медаль иеленді

Қарағанды облысының спортшылары Қарағандыда 10-13 қаңтар аралығында өткен жастар мен ересектер арасындағы спорттық құзға өрмелеу бойынша ҚР Кубогында 20 медаль жеңіп алды.

Жарыс қорытындысы туралы Қарағанды облыстық туризм, денешынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады. Құзға өрмелеушілер жылдамдық пен қиындыққа жарысты. Кубокқа Астана, Алматы қалалары, Алматы, Қостанай, Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарынан келген 150-ден астам спортшылар қатысты. Түрлі жас ерекшеліктеріндегі топтар бойынша барлығы 54 медаль сарапқа салынды. Медальдардың саны бойынша Қарағанды облысы бірінші орында (20), екінші орында 17 медаль алған Оңтүстік Қазақстан облысы, үшінші орын 7 медаль алған астаналықтарда.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін