Жарияланды: 640

Қарағандылық «Сарыарқа» хоккей командасы Италияға жаттығу жиынына кетті

Қарағандылық «Сарыарқа» хоккей командасы Италияға жаттығу жиынына кетті, деп клуб баспасөз қызметінен хабарлады.

«Сарыарқа» хоккей клубы алдағы ойын маусымы алдындағы екінші дайындығын бастады. Команда 29 адам құраммен Италияға дайындық жаттығуларына кетті», - делінген клуб баспасөз қызметі сейсенбі күні таратқан хабарда. Команда Италияда 16 тамызға дейін жаттығады. «4 жолдастық кездесулер өткізу жоспарланған. Олар: HCLugano(Швейцария), Sierre(Швейцария), MorzineAvoriaz(Франция) және Италия құрамасымен кедесу», - делінген хабарда. «Сарыарқа» ол жаттығулардан оралған соң, Астанада 20-28 тамызда өтетін Қазақстан кубогына дайындықты жалғастырады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін