Қарағандылық «Шахтер» словениялық «Копермен» 1:1 есебімен ойнады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандылық «Шахтер» словениялық «Копермен» 1:1 есебімен ойнады

Қарағандылық «Шахтер» словениялық «Копермен» 1:1 есебімен ойнады

Еурокубок аясында Словенияның Копер қаласында өткен бірінші матчта қарағандылық «Шахтер» жергілікті командамен 1:1 есебімен ойнады, деп хабарлайды «Шахтер» футбол клубының (ФК) баспасөз қызметі.

  • 1 Шiлде 2011
  • 532
Фото - Caravan.kz

«Еуропа Лигасының бірінші іріктеу раунды аясында «Шахтер» 30 маусымда словениялық «Копермен» ойынын 1:1 есебімен аяқтады. «Копердің» қақпасына доп Жамбыл Көкеевтің пенальтиімен кіргізілді. «Шахтерға»голдыДавор Бубанисоқты», — делінген жұма күні таратылған ақпаратта.

Еске сала кетейік, қазақстандық және словениялық клубтар еурокубокта алғаш рет кездесті. Жарыстың бас төрешісі — Георгий Вадачкория (Грузия). Сызықта грузинтөрешілері — Мамука Эликашвили мен Гурам Чигогидзежұмыс істеуде.

Жауап ойын 7 шілдеде Қарағандыда өтеді.

Копер – осы аттас қаланың футбол клубы, 1955 жылы құрылған және Словения чемпионатында жеңіске жеткен үш клубтың бірі («Марибор» мен «Олимпиядан» басқа). Команданың жаттығу стадионы — «Бонифика».

Соңғы жаңалықтар