Қарағандының «Шахтері» өз алаңында ирландиялық «Сент-Патрикс» командасын жеңді - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандының «Шахтері» өз алаңында ирландиялық «Сент-Патрикс» командасын жеңді

Қарағандының «Шахтері» өз алаңында ирландиялық «Сент-Патрикс» командасын жеңді

Қарағандының «Шахтері» Еуропа Лигасының екінші іріктеу рауында өз алаңында ирландиялық «Сент-Патрикс» командасын 2:1 есебімен жеңді, деп хабарлады ҚазТАГ тілшісі.

  • 15 Шiлде 2011
  • 552
Фото - Caravan.kz

Қарағандылық ойыншылар ойынның алғашқы минутынан-ақ шабуылдап бақты. Бірақ қарсыластар қақпасының маңында гол салатындай сәттер онша көп болған жоқ. Сөйтіп ойынның бірінші таймы 0:0 есебімен аяқталды. Қонақтар қарымта шабуылмен ойнауға тырысты.

Ойындағы алғашқы гол 52-ші минутта салынды. Бұрыштан берілген допты басымен «Шахтердің» қорғаушысы Никола Василевич қақпаға түсірді.

Дублиндықтар бар күшімен қарымта гол салуға тырысып, ол ойынның 79-шы минутында нәтиже берді. Қорғаушылар қақпа алдында жалғыз қалдырған Дэвид Маккмиллан қарымта голды салды.

Қазақстандықтар жеңіс голын ойынның 86-шы минутында ғана сала алды. Вичустың пасынан соң осы ойында екінші голды Никола Василевич салып кетті.

Қарымта ойын Дублинде 21 шілдеде өтеді.

Соңғы жаңалықтар