Қарағандының «Шахтері» тұңғыш рет Еуропа Лигасының 2-ші іріктеу раундына өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандының «Шахтері» тұңғыш рет Еуропа Лигасының 2-ші іріктеу раундына өтті

Қарағандының «Шахтері» тұңғыш рет Еуропа Лигасының 2-ші іріктеу раундына өтті

Қарағандының «Шахтері» өз алаңында словениялық «Коперді» ұтып, тұңғыш рет Еуропа Лигасының 2-ші іріктеу раундына өтті, деп ҚазТАГ тілшісі хабарлады.

  • 8 Шiлде 2011
  • 419
Фото - Caravan.kz

Словениялық «Копердің» алаңында 1:1 есебімен өткен тең ойыннан соң, қарағандылықтарға нольде-ноль есебімен тең ойын да қанағаттандыратын еді. Дегенмен «Шахтер» ойынның алғашқы минутынан бастап шабуылдап, ал словениялықтар қарымта шабуылмен шектеліп отырды. Сондай бір шауылда Милан Остерц 32 –ші минутта допты қақпаға салып кетті.

Оған қарағандылықтар бірінші тайымның 45-ші минутында ғана жауап қайтарды. Ұлан Қоянбавтың соққан добы қорға� �шының аяғына тиіп, «Копредің» қақпасына кіріп кетті. Сөйтіп, екінші кезеңді қарсыластар тең есеппен бастады.

Алаңда шиеленіс күшейіп, төрешілер сары карточканы көрсете бастады. Словениялық бапкер ойыншыларын алмастырып, ойын барысын өзгертуге тырысты. Бірақ екі жақ та мүмкіндіктерін дұрыс пайдалана алмады. Тек ойынның 83-ші минутында Жамбыл Көкеевтің дәл берген пасынан соң, Ұлан Қоянбаев словениялықтардың қақпасына шешуші гол салды. Ойын тағы 5 минутқа ұзартылғанымен словениялықтар есепті өзгерте алмады. Осылайша, «Шахтер» тұңғыш рет Еуропа Лигасының бірінші іріктеу рауындынан аса алды. 2-ші тур қарсыласы барлық қарымта ойын аяқталған соң анықталады.

Соңғы жаңалықтар