Қазақ балуандары сегіз команда қатысқан Әлем кубогында 7-орын алды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақ балуандары сегіз команда қатысқан Әлем кубогында 7-орын алды

Қазақ балуандары сегіз команда қатысқан Әлем кубогында 7-орын алды

Иранның Абадан қаласында өткен грек-рим күресінен әлем кубогы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

  • 18 Наурыз 2017
  • 657
Фото - Caravan.kz


Аталмыш додада Қазақстан құрамасы сегіз команданың ішінен тек жетінші орынды қанағат тұтты. Жарыстың бірінші раундында жерлестеріміз Ресей балуандарынан ойсырай ұтылса, екінші және үшінші раундтарда Иран мен Германия балуандарынан да айласын асыра алмады. Нәтижесінде, отандастарымыз «B» тобында соңғы орын алған Беларусь мемлекетінің боз кілем шеберлерімен 7-8-ші орындар үшін күш сынасып, жетінші орынды қанағат тұтты.

Соңғы жаңалықтар