Қазақ боксшысы Мәскеуде WBC белбеуі үшін жұдырықтасады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақ боксшысы Мәскеуде WBC белбеуі үшін жұдырықтасады

Қазақ боксшысы Мәскеуде WBC белбеуі үшін жұдырықтасады

Қазақстандық боксшы Нұрсұлтан Жаңабаев (5-0, 4 КО) Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) аймақтық белбеуі үшін жұдырықтасады.

  • 11 Желтоқсан 2018
  • 29
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Vesti.kzтілшісіне боксшының бапкері Сағатбек Мұсаханов хабарлады.

26 жастағы Жаңабаев 23 желтоқсан Ресейде өтетін бокс кешіне қатысады. Қазақстандық боксшының қарсыласы әзірге белгісіз.

"23 желтоқсан Мәскеуде Нұрсұлтан Жаңабаев WBC Asia белбеуі үшін жұдырықтасады. Мені тағы үлкен жұмыс күтіп тұр", — дейді Мұсаханов.

Жаңабаев алғашқы орта салмақта жұдырықтаса бастаған, алайда, кейін жартылай орта дивизионға көшті. Ал Мұсаханов жаттықтыратын өзге боксшы Искандер Харсан екінші ең жеңіл салмақта WBC Intercontinental "жастар" титулын жеңіп алған.

Соңғы жаңалықтар