Қазақ күресінен Әлем чемпионатында тұңғыш рет әйелдер сынға түседі - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақ күресінен Әлем чемпионатында тұңғыш рет әйелдер сынға түседі

Қазақ күресінен Әлем чемпионатында тұңғыш рет әйелдер сынға түседі

Бүгін Беларусь астанасы Минск қаласында қазақ күресінен VII әлем чемпионаты жалауын желбіретті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

  • 6 Қазан 2017
  • 1076
Фото - Caravan.kz

Төл спортымыз — қазақ күресінен басталған әлем чемпионатына 26 мемлекеттен ең таңдаулы балуандар жүлделі орындарды сарапқа салады. VII әлем чемпионатының басты ерекшелігі — бұл біріншілікте ерлер мен қатар тұңғыш рет бұрымды аруларда боз кілемде өнерлерін ортаға салып, әйелдер арасында қазақ күресінен тұңғыш әлем чемпионы атағына таласпақ.

Кеше Минск қаласына келген палуандар мен команда жетекшілеріне арналған отырыс болып өтті. Оған Біріккен күрес əлемі құрамына кіретін дүниежүзілік ұлттық спорт түрлері комитетінің төрағасы Вилейта Гинтаутас пен Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының президенті Серік Төкеев жəне Беларусь қазақ күресі федерациясының президенті Владимир Гришенковтар қатысып, өтетін чемпионаттың регламентін таныстырып, балуандарға сәттілік тіледі.

Сондай-ақ, əлем чемпионатын даңқты спортшы, Беларусь қазақ күресі федерациясының құрметті президенті Александр Медведтің 80 жасқа толған құрметіне арнайтын болып шешім қабылданды.


 

Соңғы жаңалықтар